Skip to content

ЕГЕМЕН ЕЛІМ, БІР ӨЗІҢСІҢ МАҚТАНЫШЫМ! 25 қазан – Республика күні…

ЕГЕМЕН ЕЛІМ, БІР ӨЗІҢСІҢ МАҚТАНЫШЫМ!

25 қазан – Республика күні қарсаңында білім ошағында көптеген шара ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі – 9-сынып оқушыларына арналған интерактивті бағыттағы «Егемендік – баға жетпес байлық» танымдық сабағы. Бір топ жас өрен қатысқан сабақта қазақ халқының тарихына шолу жасалып, егемендікке қалай қол жеткізгеніміз, жүріп өткен, бастан өткен оқиғалар баяндалды. «Республика» және «Егемендік» болып екі топқа бөлінген ұл-қыздар «Ойлан, тап!» кезеңінде қойылған сұрақтарға жылдам жауап берсе, «Қанат қақты» кезеңінде оқытушы қойған сұрақтарға кеңінен жауап айтты. Ал «Шарықтау» кезеңінде арнайы жасырылған ұяшықтарды таңдай отыра, қазақ халқының тарихына, ұлттық мұраға, ата-баба салт-дәстүріне қатысты қойылған сауалдардың жауабын тапты. «Жерұйық» белесінде егемендік, білім-ғылым, тарих жайында қай ғұлама не деп айтқанын саралап, жауапты ортаға тастады. Ең соңында «Қазақстан дейтін менің бар елім…» атты сканвордты топ боп бірлесе шешіп, біраз ақпаратқа қанық болды. Шараны ұйымдастырып, жүргізген – «Марғұлан» журналының тілшісі Әмір Ержанұлы. Елім дегенде намысты қолдан бермес осындай ұл-қыздарымыз білім жолында жетістікке жете берсін!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *