Skip to content

ЕГЕМЕНДІККЕ БІЗДЕН ТАРТУ – СПОРТ САЙЫСЫ Саламатты өмір салтын ұстанып,…

ЕГЕМЕНДІККЕ БІЗДЕН ТАРТУ – СПОРТ САЙЫСЫ

Саламатты өмір салтын ұстанып, спортты жан серігі еткен жастар Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған эстафетаға белсенді қатысып, жеңіске жету жолында аянып қалмады. Анығын айтқанда, бұл сайыста балалар кедергілерді еңсеріп, доппен мәреге жетіп, команданың намысын қорғап, жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындады. Ел мерейін тасытқан, биылдан бастап қайта тойланып жатқан Республика күнінде біздің шәкірттер осылайша өздерінің спорттан да кенде емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Тартысты өткен эстафеталық ойындардың қорытындысы бойынша І орын 7 «А» сыныбына, ІІ орын – 6 «А» сыныбына, ІІІ орын 6 «З» сыныбына бұйырды. Жас спортшылардың басын қосып, мереке аясында өтіп жатқан шараларға өзіндік үлес қосқан – Дене шынықтыру пәні бірлестігі. Егемен елмен бірге өсіп, спорт дегенде қарап қалмас шымыр да, төзімді де жас ұрпаққа сәттілік серік болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *