🎤 «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН БАЙҚАУЫ🎤
⠀
✍️Бүгін 2019 жылдың 30 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылар мен ұстаздар арасында ынтымақтастық орнату және шығармашылық қолдау көрсету мақсатында "Екі жұлдыз" ән байқауы болып өтті.
⠀
✍️Байқауда әр бірлестіктен бір ұстаз бен оқушы өнер көрсетті. Әр жұп алдын ала берілген "Ретро әндері" тақырыбында жанды дауыста ән орындады. Байқау ережесіне сәйкес төменгі ұпай жинаған жұптар жобадан шықты.
⠀
✍️Жоғары деңгейде өткізілген бұл байқау барша ұстаздар мен оқушылардың көңілінен шықты. Байқауға батылдық танытып қатысқан барша ұстаздар мен оқушыларға алғыс айта отырып, келесі кезеңге жолдама алған жұптарға сәттілік тілейміз.
⠀
🎤Келесі кезеңде жұптарымыз "Заманауи" әндерді орындайтын болады.
