Skip to content

ЭКО БОЛАШАҚ 2018 жылдың 27 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы…

ЭКО БОЛАШАҚ 2018 жылдың 27 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Эко болашақ әлеуметтік жобасы аясында жиын өткізілді. Аталған жиынға мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Жоба мақсаты қазіргі кездегі экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды бөлек жинау мен өңдеуді дамыту, өңделмейтін қалдықтардың көлемін қысқарту. Оқушыларға қоқысты өртеудің қауіптілігі, қайталама өңдеу арқылы «қоқыс» проблемасын шешуге қатысудың маңыздылығы туралы түсіндіру және қалдықтарды бөлек жинауға қатысуын ынталандыру. Эко-семинар әр оқушының проблеманы шешуге үлес қосуы үшін қандай іс-қимыл жасай алатынын, сонымен қатар ең болмашы әрекеттің маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *