Skip to content

ЭКО ҚОЛДАУ – ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК Бүгін, 2025 жылдың 13…

ЭКО ҚОЛДАУ – ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгін, 2025 жылдың 13 қарашасында, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Қалдықтарды бөлек жинау» тақырыбында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шара өтті. Бұл жиын – қоршаған ортаны қорғау және тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару мәдениетін дамытуға арналған маңызды қадам болды.
Іс-шараға мектептің оқушылары, ұстаздары және қызметкерлері қатысып, қалдықтар мен қайталама ресурстарды басқару саласындағы 5 негізгі модульмен танысты.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ борышы. Экологиялық қолдау – тек ағаш отырғызу не қоқысты сұрыптау емес, ол саналы өмір салтына бет бұрып, табиғатқа құрметпен қарау. Сондықтан әр оқушы, әр ұстаз және әр ата-ана өз өмірінде қалдықтарды азайту мәдениетін қалыптастырып, энергия мен суды үнемдеуге дағдылануы тиіс.

Әр кішкентай іс – үлкен өзгерістің бастауы.
Бүгін бір бөтелкені қайта өңдеуге өткізсең – ертең табиғаттың тынысы кеңейеді.
Бүгін ағаш ексең – ертең таза ауа жұтасың.

Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Ендеше, оны аялау – бәріміздің парызымыз!
Табиғатты бірге қорғайық, ЭКО қолдауды өмір салтымызға айналдырайық!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *