ЭКО ОЛИМПИАДА
2025 жылдың 20 қараша күні, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 6–7 сынып оқушылары арасында «Эко сана» жобасын қолдау мақсатында экологиялық олимпиада өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін көтеру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және олардың экологиялық білім деңгейін бағалау болды.
Оқушыларға арнайы әзірленген экологиялық мазмұндағы тест тапсырмалары ұсынылып, әр қатысушыға 40 минут ішінде өз білімін көрсету мүмкіндігі берілді. Уақытты тиімді пайдалана отырып, оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, табиғатқа деген жанашырлықтары мен білім деңгейлерін көрсетті.










