ЭКО САҒАТ
Бүгін 2020 жылдың 24-қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 1-4 сынып оқушылары арасында google meet платформасында «Эко клоун» онлайн сабағы өткізілді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – оқушылар бойында табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлық сезімін қалытастыра отырып, экологиялық білімдерін арттыру. Сабақта бастауыш сынып оқушыларына мектеп лидерлары рөлдерге еніп (жапырақ пен су), табиғатты қорғап, аялай білу керектігін балаларға ұғынықты түсіндірді. Сондай-ақ қоқыстарды арнайы қоқыс жәшіктеріне сұрыптап салу керетігі жайлы ақпараттармен таныстырды. Балалар сабақ барысында кейіпкерлердің қойған сұрақтарына жауап беріп, белсенділік таныта білді. Бұл шара баларға қызықты әрі танымдық ақпараттарға толы болды. Сабақ соңы «Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен қатар, ең ұлы қамқоршысы бола білу керек» деген оймен қорытындыланды.