ЭКО СЫНЫП ЖОБАСЫ — БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ! 🌿
Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек буынның алдында тұрған маңызды міндет. Осы мақсатта Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Эко сынып» жобасы аясында 4 «Г» сынып оқушылары белсенділік танытып, түрлі экологиялық бастамаларды жүзеге асырып келеді.
Бүгін сол жобаның бір бөлігі ретінде түсірілген оқушылардың бейнероликтерін назарларыңызға ұсынамыз. 🎬✨
Бұл бейнероликтерде балалар:
🌱 табиғатты қорғау туралы өз ойларымен бөліседі;
♻️ қоқысты сұрыптаудың маңызын түсіндіреді;
🌍 күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастыру жолдарын көрсетеді.
Балалардың табиғатқа деген қамқорлығы, жауапкершілігі мен шығармашылығы — біз үшін үлкен қуаныш!
Әр әрекетіміз — Жер-анамыздың болашағына жасалған үлес. 💚
Эко сынып – экологиялық мәдениетке бастайтын жарқын жоба!