Skip to content

ЭКОЛОГИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ 2022 жылдың 30 қараша күні, Астана…

ЭКОЛОГИЯ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

2022 жылдың 30 қараша күні, Астана қаласы Білім басқармасы, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының ұйымдастыруымен қалалық экологиялық олимпиадасы өтті. 300-ге жуық оқушы қатысқан білім додасында Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейі "Экопатруль" тобының (8-сынып тәрбиеленушілері) төрт оқушысы қатысып, экология тақырыбы аясында білімін сынады. Ережеге сәйкес, тест сұрақтарына тыңғылықты жауап берген шәкіртіміз: Жұмаш Ақбота мен Ерболат Сая жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *