Skip to content

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ Бүгін 2025 жылдың 25 сәуір күні Әлкей Марғұлан…

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ

Бүгін 2025 жылдың 25 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің оқушылары республикалық «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты. «Жасыл мұра – ұрпаққа аманат» ұранымен өткен түлектердің ағаш егу экочелленджіне мектебіміздің 69 мектеп бітіруші түлектері қатысты. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, қоршаған ортаны жайлы ету, жауапкершілікті арттыру болды. Бір үйдің баласындай мектеп ауласына ағаштар отырғызып, «Таза Қазақстан» акциясын қолдаған 2024-2025 оқу жылының мектеп түлектері мектеп ауласында түлектер саябағын жасап, мектебімізге қолтаңбамыз қалсын деген түлектер еккен ағаштары 20-50 жылдан кейін мәуелі бәйтерек ағашына айналатына зор сенім білдіреді.
#ekofestastana.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *