ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОП ҚҰРЫЛДЫ
2024 жылдың 5 желтоқсан күні мектебіміздің “Ecoteam” оқушылар тобының ұйымдастыруымен “Өзіңнен баста” атты экологиялық сағаты болып өтті. Аталған шарада белсенді топ оқушылары қоршаған ортаны қорғау бойынша 5-сынып оқушыларына ақпараттар берді. Экологиялық сағатта 5-сынып оқушылары арасынан ерікті түрде “Жас эколог” тобына кіруге ниет білдірген оқушылардан жаңа топтар құрылды. Экологиялық топ құрудың мақсаты экологиялық мәдениетті көтеру және оқушылар арасында экология туралы ақпарат бере отырып, белсенділіктерін арттыру.