ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ
2024 жылдың 10 желтоқсан күні Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен, Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығының жұмыс жоспарына сәйкес # 61 мектебінің базасындаТаза Қазақстан жалпы республикалық акциясы аясында “Қоқыс жердің көркі емес” атты экологиялық лэпбук жобалары байқауы өтті. Аталған байқауға жалпы 65 жұмыс ұсынылған болатын, жас ерекшелігіне қарай өткізілген байқауға мектебіміздің 11 сынып оқушысы Шаяхмет Аружан және 7 сынып оқушысы Болат Ақмарал қатысып өз жұмыстарын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша 14-17 жас ерекшелігі бойынша Шаяхмет Аружан жүлделі І орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Жетекшісі: Атчибаев Қайрат Сиражиденұлы