Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМІЗ!" АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ

1545279096771517.jpg

Бүгін 2018 жылдың 13 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектебінде "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты мерекелік кеш болып өтті. Кеш желтоқсан оқиғасында тәуелсіздік үшін күрескен боздақтардың сипатын бейнелейтін бейнеролик көрсетілімінен бастау алды. Мерекелік іс-шарада мектеп оқушылары өлең оқып, би билеп, күй тартып, ән шырқап көрермендерге жақсы көңіл күй сыйласа, 9 - сынып оқушысы Мерген Іңкәр тәуелсіздік жолында желтоқсан құрбаны болған Ләззат Асанованың образын монолог арқылы сомдап, желтоқсан оқиғасының ызғарын сездіре білді. Сондай-ақ кеш барысында азаттық сыйлаған батыр бабаларымыздың рухына арналған көрініс те көрерменнің көңілінен шықты. Кеш соңы мерекелік құттықтауға ұласып, оқу-тәрбие үрдісінде үздік болған мұғалімдер марапатталды.
 
 
 

Директорға сұрақ қою