Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

АЛҒЫС АЙТАМЫН

1552758882192899.jpg

Бүгін 2019 жылдың 1 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде көктемнің алғашқы мерекесі "Алғыс айту" күніне орай бірнеше іс-шаралар өткізілді. Мерекенің бастауы мектебіміздің "ЖасҰлан" оқушылар ұйымының ұйымдастыруымен "Алғыс айтамын" атты акциясымен бастау алды. Акцияда мектеп ұстаздарына мерекелік көңіл күй сыйлайтын арнайы жасалған қорапшадағы тәттілер таратып осылайша ұстаздарға деген тәтті тілектерін жеткізді. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымына өздерінің ыстық лебіздерімен шынайы алғыстарын білдірді. Сонымен қатар мерекеге орай құттықтау бейнеролигін түсіріп мерекелік көңіл күй сыйлады. Мектебіміздің белсенді оқушылары мерекелік акция аясында "Менің анама алғыс" атты оқушылар арасында қызықты бейнебаян жүргізді. Бұл бейнебаянда оқушылар өздерінің аналарын ұялы телефон арқылы мерекемен құттықтап, алғыстарын айтты.
Мерекелік шарамыз №3 өнер мектебінің домбыра үйірмесі оқушыларының мерекеге концертімен қорытыланды.
 
 
 

Директорға сұрақ қою