Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

1575360682094121.jpg

2019 жылдың 29 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Тұңғыш Президент күніне орай 1-4 сынып оқушыларымен «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы», 8-11 сынып оқушыларымен «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» тақырыптарында бірыңғай ашық сабақтар болып өтті. Ашық сабақтың мақсаты білім алушыларда Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру, білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу. Сонымен қатар ашық сабақ барысында Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы жайында әңгіме қозғалды. Оқушылар елбасының жүріп өткен өнегелі де тағылымға толы өмір жолына, елі үшін жасаған ерен еңбектеріне шолу жасады. Сабақ соңында оқушылар елбасына арнаған өлеңдерін оқып, Н.Ә.Назарбаевтың сүйікті әндерін орындады. Қиын-қыстау кезеңде ел билігін қолына алып, халыққа аянбай қызмет еткен елбасы тағылымы біз үшін қашанда биік. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының елеулі еңбегі мен елінің қамын жер ұлтжандылығы өскелең ұрпаққа үнемі үлгі болары анық.
 
 

Директорға сұрақ қою