Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ" ӘН БАЙҚАУЫ

1576691250216434.jpg

Бүгін 2019 жылдың 07 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты орнату және шығармашылық қолдау көрсету мақсатында "Екі жұлдыз" ән байқауының ақтық кезеңі болып өтті. Бұл кезеңде қатысушы жұлдызды жұптар "Заманауи" әндерді жанды дауыста орындады. Кеште мектебіміздің биология пәні мұғалімі Танирбердиева Айман Шәмбілқызы мен 8 сынып оқушысы Кадимова Мөлдір, ағылшын тілі пәні мұғалімі Кауметова Шолпан Ермекқызы мен 9 сынып оқушысы Смагулова Жанельге алғыс хаттар табысталды. Тартысты өткен сайыста жүлделі ІІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дарбисова Индира Жомартқызы мен 9 сынып оқушысы Мереке Әлімжан, технология пәні мұғалімі Каримбаева Балжан Мұратжанқызы мен 10 сынып оқушысы Баянды Сейфолла, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сайдульдинова Раушан Қадырханқызы мен 8 сынып оқушысы Камалова Карина, ІІ орынды тарих пәні мұғалімі Кәдірбек Шынар Демеусінқызы мен 7 сынып оқушысы Ибраева Көркем иеленді. Ал жүлделі І орынды математика пәні мұғалімі Фазылова Гүлнар Зауытбекқызы мен 9 сынып оқушысы Орынбаева Еркежан жеіп алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Сайыстың өтуіне ұйытқы болған барша ұйымдастырушы топқа алғысым шексіз.
 
 
 

Директорға сұрақ қою