Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

ЭКО САҒАТ

1607312844876466.jpg

2020 жылдың 23-24-қараша күндері Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 1-4 және 5 сынып оқушылары арасында google meet платформасында «Эко клоун» онлайн сабағы кезекті рет өткізілді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – оқушылар бойында табиғатқа деген жанашырлық пен қамқорлық сезімін қалытастыра отырып, экологиялық білімдерін арттыру. Сабақта оқушыларға мектебіміздің эко-еріктілер тобы табиғатты қорғап, аялай білу керектігін балаларға ұғынықты түсіндірді. Сондай-ақ сабақта пластик ыдыстардағы таңбаларға түсінік беріп, олардың адам денсаулығына зиянды-зиянсыздығы жайлы пайдалы ақпараттармен таныстырды. Балалар сабақ барысында еріктілердің қойған сұрақтарына жауап беріп, белсенділік таныта білді. Алдағы уақытта балалардың экологиялық білімін арттыратын танымдық сабақтар өз жалғасын табатын болады.

https://www.facebook.com/100005174028076/videos/1732815903567527

Директорға сұрақ қою