Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

"ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫМЫЗ" АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК ТУРНИР

1608453311671788.jpg

       
2020 жылдың 12 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз" атты зияткерлік-танымдық онлайн турнирі төрт кезеңнен өткізілді. Олар:
І кезең. 1986-2019 жылдардағы тарихи оқиғалардан тес сұрақтары;
ІІ кезең. Мектеп мұғалімдері алдын-ала түсірілген видео-сауалдар;
ІІІ кезең. Тәуелсіздік кезеңіндегі бір маңызды оқиға байланысты сұрақ.
ІҮ кезең. Спич \шешендік өнер\.Топ мүшелері 2 минуттан аспайтын видео түсіріп жібереді.
Төрт кезеңнен өткізілген турнир нәтижесі Бас жүлдені 10 "А" сыныбының "Егемен Қазақстан" тобы, І орынды 9 "Ә" сыныбынан "Алаш" тобы, ІІ орынды 10 "Ә" сыныбынан "Елорда" тобы, ІІІ орынды 9 "Г" сыныбынан "Тәуелсіз ұрпақ" тобы жеңіп алды. Ал "Сұңқар", "Марғұлан шәкірттері", "Жалын" топтары алғыс хаттармен марапатталды. Аталған іс-шараны ұйымдастырған директордың тәрбие орынбасары Жұлдыз Найманбаева және тарих пәні мұғалімі Қайыргелді Мирашұлы.
https://www.facebook.com/100005174028076/videos/pcb.1741663769349407/1744322409083543
https://www.facebook.com/100005174028076/videos/pcb.1741663769349407/1744322475750203
https://www.facebook.com/100005174028076/videos/pcb.1741663769349407/1744322659083518

Директорға сұрақ қою