Меню KDT

"Әлкей Марғұлан" атындағы №40 мектеп-лицей


 

Kazakh
Директорға сұрақ қою

Ұлытау – ұлт ұясы

1676896935597027.jpg





«Ұлытау – халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған,

исі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қасиетті мекені» Әлкей Марғұлан

           Қазақ даласының ой-шұқырын жалықпай аралап, әрбір жартас, обаны мұқият зерттеген ғұлама ғалымның болған жерлерімен таныстыру мақсатында «Академик Әлкей Марғұлан ізімен» атты өлкетану-туристік экспедициясы 2015 жылдың 11-15 маусым күндері ЖЕЗҚАЗҒАН-ҰЛЫТАУ өңірінде болды. Мектептен 9 оқушы, 3 мұғалім барды. Мектептің директоры Іргебай Ербол Іслямұлы өзі басқарып барды.

Бұл күндерге арнайы жоспар жасалып, сол бағыттармен жүріп отырды.

       12 маусым күні Жезқазған қаласындағы «Жезқазған тарихи-археологиялық музейі» бұл музейде Әлкей Марғұланға байланысты бірнеше құнды жәдігерлер сақталған. Атап айтқанда, ғалымның жеке заттары – шапаны мен желегі, шабаданы мен лупасы, жазу құралдары мен құжаттары, экспедиция жұмысы туралы есептердің көшірмелері, кітаптары, хаттары, сонымен қатар, Әлкей Марғұланның өз қолымен музейге тарту еткен Ұлытау жерінен табылған тас мүсін, тастағы таңба мен құлпытас бар. Отыз жылға жуық жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттай айғақтар көздің қарашығындай сақтаулы.

   Қаныш Сәтбаев  атындағы геология, тарихи өлкетану музейінің директоры Балкенов  Кенжал Балкенұлы  бізді қарсы алды.
Музейдің екі залында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанына қарамай, Марғұлан мектебі оқушыларын музей экспонаттарымен таныстырды. Ел тарихын, ұлт тарихын жақсы білетін ағамыз ағынан жарылып, оқушыларға өзі гид болды. Музейдегі тау жыныстары мен әр түрлі минералды тастарға арналған көрме залы оқушыларды қатты қызықтырды. Жер қойнауынан шыққан небір табиғи "самородоктарды" көрдік.
Қазақ тарихына арналған бөлімде Әл Фараби, Шыңғысхан, Ақсақ Темірдің балауыз мүсіндері бар. 1935 жылы Қаныш Сәтбаев тапқан Ақсақ Темірдің Тоқтамыспен соғысқа кетіп бара жатқанда жазу жазып қалдырған қара тасының көшірмесі де тұр. 
Әлкей Марғұланға байланысты қойылған арнайы стендтер мен қолжазбалары қойылған көрме бар екен.

     Жезді жерінде  «Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихи» мұражайына бардық. Тарихы тым тереңде жатқан бұл жерде кейінгі ұрпаққа аманат болып қалар көне жәдігерлер, тарихи мұралар жақсы сақталыпты. Бұл жерден кейін ұлт ұясы атанған Ұлытауға қарай бет алдық. Жолдан Басқамыр қаласының орнына тоқтап (VІІІ-ХІІ гг ескерткіш) жердің тарихымен таныстық.

    13 маусым күні Ұлытау жеріне жетіп,  Ұлытаудағы  - Едіге тауы- Ақмешіт тауына саяхат жасадық. Сонымен қатар, Алаша хан мазарына барып таныстық. Ол жердің тарихын біліп, мол мағлұматтар алдық.

                 Жеріміздің тарихын жақсы білген сайын, ел тарихына да терең бойлай береміз. Қазақ даласындағы киелі жердің бірі – Бурабайдағы Кенесары хан үңгірі. Ел тарихына өшпестей із қалдырған ұлы тұлғалардың ерлік істерін дәріптеп, оны ұрпаққа жеткізу, санасына сіңіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу әрбір азаматтың борышы.

   Осы сапар бойынша Алмағанбетова Жанел мен Төлеубаев Бегендік «Отан жолымен» тақырыбында өткен қалалық конкурста І орын иеленді.

 

«Әлкей Марғұлан ізімен» атты туристік - өлкетану экспедициясының жоспары

 

Мақсаты:

Ғалым болған жерлермен танысу.

Міндеттері:

Жезқазған өңіріндегі тарихи орындарға, ескерткіштер мен музейлерді       аралау;

- Ұлытау жеріне саяхат жасау;

- ғалымның көзін көрген қариялармен сұқбаттасу;

- этнографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Күні, айы, жылы

Уақыты

Жезқазған өңіріндегі экспедиция бағыты

11.06.2015ж

15.30

Астана - Жезқазған

12.06.2015ж

09.05

Жезқазған қаласы

 

09.30-10.30

Таңғы ас

10.30 – 11.30

Қаныш Сатбаев атындағы музейге саяхат

11.30

Ұлытауға бет алу

 

Талдысай

 

Жезді музейі

 

Басқамыр (Аяққамыр)

 

Күмісбұлақ

19.00

Ұлытау ауданы

13.06.2015ж

07.00-08.00

Таңғы  ас

 

08.00

Ұлытаудағы  - Едіге тауы- Ақмешіт тауына саяхат

14.00 – 15.00

Түскі тамақ ішу

16.30-ден

Алаша хан мазары

18.00

Домбауыл

19.00

Жошы хан мазары

20.00

Жезқазған қаласы «Кеңгір» қонақ үйіне орналасу

14.06.2015ж

09.00-10.00

Таңғы ас

 

10.00 – 12.00

Әлкей атаны көрген ақсақалдармен сұхбаттасу

12.30 -13.30

Түскі ас

14.00 -16.00

Жезқазған қаласының көрікті жерлерін аралау

16.00

Жолға дайындық

18.50

Жезқазған – Астана

15.06.2015ж

12.00-де

Астана қаласы

 

Директорға сұрақ қою