Skip to content

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР 2024 жылдың 13 маусым күні…

ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

2024 жылдың 13 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 9-сынып түлектеріне салтанатты жағдайда куәлік табысталды. 2023-2024 оқу жылында 9-сыныпты 212 оқушы өзара 9 сыныпқа бөлініп аяқтап отыр. Маңызы айрықша іс-шара барысында мектеп директоры Сәуле Амангелдіқызы түлектерге алдағы уақытта табыс пен сәттілік тілеп, бір топ ата-ананы алғыс хатпен марапаттады. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмагүл Балташқызы 2023-2024 оқу жылында негізгі орта білім курсын аяқтау туралы мектеп басшысының бұйрығын көпшілікке таныстырып өтті. Артынша балаларға рет-ретімен куәлік үйлестірілді. Өнерпаз оқушылар әсем әнмен жиналғандардың көңілін көтерсе, ортаға шығып, сөз сөйлеген сынып жетекшілер, оқушылар мен ата-аналар қадір-құрметті арттырып, алғыс айтты. Салтанатты жиын, дәстүрге сай, «Марғұлан» маршымен өз мәресіне жетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *