ЕЛ ТАРИХЫН ОҚЫТУДА – ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
2022 жылдың 22 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Ел тарихын оқытуда – оқулықтардың маңызы» тақырыбында 8-9 сыныптарға арналған кездесу болып өтті. Кеш қонағы қазақстан тарихы кітабының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Өскембаев Қанат Садуақасұлы қазіргі таңда Астана халықаралық университетінде жұмыс атқарады. Қанат Садуақасұлы тарих пәнінің маңыздылығы мен керектігі жайлы түсіндіріп, өзінің тың мәліметтермімен бөлісті. Кеш барысында Қанат Садуақасұлы тарих апталығына қатысқан оқушыларды марапаттады.