Skip to content

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА САЯХАТ Бүгін 2018 жылдың 29 қараша күні Әлкей…

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА САЯХАТ

Бүгін 2018 жылдың 29 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі "Жас эколог" үйірмесі және 6 "Ә"сыныбы оқушылары тұңғыш Елбасы мерекесіне орай ҚР Елбасы кітапханасына саяхат жасады.
Елбасы кітапханасы қызметкерлері оқушылармен топтық қызықты квест ойынын өткізіп және Елбасымыздың құнды жәдігерлерімен таныстырды. Қазақ спортшыларының елбасымызға сыйға тартқан дүниелері атап айтар болсақ кәсіпқой боксшы Генадий Головкиннің чемпиондық белдіктері және мәнерлеп сырғанаудың шебері қысқа ғана ғұмырында қазақ елін әлемге танытқан талантты спортшы Денис Тенның жидесі және тағыда басқа спортшыларымыздың елбасымызға тарту еткен жәдігерлерімен танысты. Сонымен қатар елбасымыздың электронды кітаптар қорымен танысты. Саяхат соңын оқушылар ҚР әнұранымен аяқтап, өздерінің саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *