Skip to content

⚽Елордалық Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 11 «А» сынып оқушысы…

⚽Елордалық Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 11 «А» сынып оқушысы Төкен Айтуар Қайырбекұлы жас футболшы. Астана қаласының футбол клубында ойнайды. Жас та болса, көптеген турнирлерден жетістіктері жетерлік.

⚽Спорттық атақтары: Спорт шеберінің кандидаты, 2021 жылдың үздік шабуылшысы, 2018 жылдың үздік қорғаушысы атанған.

⚽Өз кезегінде «Қазақстан кубогы», «Қазақстан премьер лигасы» , «Своя лига» сынды футбол матчтарында өнер көрсеткен.

⚽Алдағы 2023 жылда ЮФЛ (Юношеская футбольная лига) ұтып алуға, 2023 жылдың «үздік қорғаушысы» атануына тынбай еңбек етіп жатыр.

⚽Айта кетсек, Айтуар мектебіміздің 8 «Б» сынып оқушысы Ақжан мен бірге бір командада ойнайды.

⚽Талмай талаптанған Айтуарды бір күні әлемдік деңгейдегі футбол жұлдыздарының қатарынан көрейік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *