ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ
2019 жылдың 25-27 қыркүйек күндері Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде ата-аналармен эмоционалды интеллект шебер сабақтары өткізілді.
Шебер сабақтың бірінші күні ата-аналарымыз балалардың эмоционалдық интелектісін жетістікке жетелеу білу, дұрыс тәрбие беру бағытына арналды. Аталған шебер сыныптың екінші күні балалардың 0-20 жас аралығындағы мінез-құлық ерекшеліктері, ой өрісінің даму кезеңдеріне арналды, яғни балалардың әр жас кезеңдеріне тоқталып сол кезеңде баламен қалаай қарым-қатынас жасау жолдары айтылды. Ал үшінші күні эмоционалды фитнес бағытына арналды, ата-аналармен бірнеше физикалық жаттығулар жасалу арқылы өз эмоциясын дұрыс басқара алу , адам бойындағы қорқыныш-үрейді жеңе білуге тәрбиелеу болды.
