ЕРБОЛ ІРГЕБАЙ АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ
2023 жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде Ербол Ісләмұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті. Қыркүйек айы бойы 5-11 сынып оқушыларын таныстыру жоспарланған. Жоспарға сәйкес күнделікті түрде 5-6 сынып оқушыларына кабинет таныстырылуда. Оқушыларға ұстаздың өнегелі өмір жолы, ұлағатты ұстаздық жолы, артына қалдырған еңбектері жайлы ақпарат берілуде.