«ЕРЛІК САБАҒЫ»
2022 жылдың 13 мамыр күні мектебімізде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Р.Мэльсқызының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына ерлік сабағы өткізілді. Сабақта оқушылар үш топқа бөлініп суреттегі батырды табу, ерлікке байланысты мақал-мәтелдерді жалғастыру және өздеріне берілген тақырыпқа байланысты сөздер құрап арнайы постерлерін қорғады. Сондай-ақ қазақ халқынан шыққан батырларымыздың ерліктері, жасұрпаққа мұра етіп қалдырған нақыл сөздері айтылды. Сабақтың екінші бөлімі 2005 жылы туған 10-11 сынып оқушыларына салтанатты түрде әскери тіркеу куәліктерін табыстаумен жалғасын тапты. Куәлік тапсыру рәсімін жүргізген директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Атчибаев болашақ жас өрендерге сәттілік тілеп,сонау тарихтан бастау алатын дана халқымыздың батырлықтары жөнінде әңгіме айтып, тәуелсіз еліміздің тұғырын мықты етіп ұстайтын,болашақ еліміздің батырда, саналы азаматтары болатындықтарына өз сенімін білдірді. Сондай-ақ 10 «Ә» сынып жетекшісі Г.Қайыпназарова оқушыларға осы алған куәліктеріне сай болып болашақ елін,жерін қорғай алатын батырда,ержүрек азаматтары болуға шақырып, өз жылы лебізін арнады. Бауыржандай ержүрек, Рахымжандай батыл елдің ұрпақтары жасай берсін!!!