Футбол турнирі
🔶2024 жылдың 4 маусым күні мектебімізде Рәміздер күні және жазғы спорттық лагерь жұмысының басталуы аясында 8-10 сынып оқушылары арасында футбол турнирі өтті. Оқу жылын аяқтап жазғы демалысқа шыққан оқушыларымыз жарысқа белсенділікпен қатысып, жасыл алаңның сәнін кіргізе білді.
🔶Тартысқа толы ойында жүлделі ІІІ орынды 9 «Д» және 9 «Г» сыныптарынан құралған «Жігер» командасы иеленсе, жүлделі ІІ орынды 10 «А» және 10 «Б» сыныптарынан құралған «Достар» командасы иеленді, турнирдің басты кубогы 8 «А» және 8 «Д» сыныптарынан құралған «Көктал» командасына бұйырып, жарыстың І орынына ие болды.
🔶Қызықты өткен ойында үздік деп танылған оқушыларға жекелей номинациялар табысталды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен,медальдармен және ойынның басты кубогымен марапатталды!
#3junezhazgydemalys
#бірыңғайтәрбие
#жазғылагерь2024☀️🌈💐
#zhazgydemalys2024