ФУТЗАЛ ТУРНИРІ
2023 жылдың 14 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданының 5-6 сынып оқушылары арасында Тәуелсіздік күніне орай шағын футбол турнирі өткізілді. Аталған турнирге Сарыарқа мектептерінен құралған командалар сынға түсіп бақтарын сынады. Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды № 40 мектеп-лицейі, ІІ орынды №80 мектеп-гимназиясы, ал жүлделі І орынды №20 орта мектеп оқушылары иеленді. Сондай-ақ турнирде үздік деп танылған ойыншылар үздік қақпашы,үздік ойыншы номинацияларымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!🎉🎉🎉