Skip to content

ФУТЗАЛ ТУРНИРІ 2025 жылдың 5 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы…

ФУТЗАЛ ТУРНИРІ

2025 жылдың 5 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы мектеп-лицейінің 4-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік ұланымыз» атты футзал турнирі өтті. Жарыс өте қызықты әрі тартысты атмосферада өтіп, әр команда жеңіс үшін соңына дейін жанкештілікпен ойнады. Оқушылардың шеберлігі, бірлігі мен рухы көрермендерге керемет әсер қалдырды.
Турнир нәтижесі:
🥇 І орын – 4 “Ә” сыныбы
🥈 ІІ орын – 4 “В” сыныбы
🥉 ІІІ орын – 4 “Г” сыныбы
Командалардың дайындығына жетекшілік еткен Таңат Мұса болды. Жас спортшыларымыздың жеңісі құтты болсын!
Тәуелсіз елдің рухты, батыл, жігерлі ұландары көп болғай! 🇰🇿🔥

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *