Skip to content

ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕГІ – ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ 2024 жылдың 28 қараша күні…

ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕГІ – ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

2024 жылдың 28 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің музей жетекшісі Байдрахманова Сауле Жұмабекқызы Ұлытау облысы Жезқазған қаласында өткен Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Ә.Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған республикалық дөңгелек үстелге қатысты. Қос ғалымның Ұлытау-Жезқазған өңірлерінде басталған еңбек жолдары республикалық конференцияның ұлы мекен – Ұлытауда өтуі бекер емес. Өйткені тарихта есімдері қалған тау тұлғалар орталық өңірді зерттеу жұмыстарына арқау етіп, келешек ұрпаққа мол мұра қалдырды. Аталған іс-шараға ғалым еңбектерін насихаттап жүрген ғылыми қызметкерлер, өлкетанушылар қатысты. Іс-шарада музей жетекшісі Сәуле Байдрахманова «Әлкей Марғұлан музейі – ұлттың рухани байлығы» тақырыбында баяндама жасап, ғұламаның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында жылжымалы көрмесін жиналғандарға көрсетті. Әлкей Марғұлан мұрасын насихаттауды мақсат еткен осы тектес іс-шаралар жалғаса берсін!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *