"GAME EDUCATION"
2019 жылдың 30 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Жастар жылын қолдау мақсатында "Жас Ұлан" оқушылар ұйымы ЗЕРДЕ бағытының ұйымдастыруымен "GAME EDUCATION" зияткерлік ойыны өткізілді. Аталған шараға мектебіміздің 8 сынып оқушыларынан құралған 6 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша І орын 8 Б сыныбы, ІІ орын 8 А сыныбы, ІІІ орын 8 В сыныбы иеленді. Жеңімпаз команда арнайы дипломмен және арнайы кубокпен марапатталды.