Skip to content

“ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТОҒЫСЫ: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН БОЛАШАҚ ҚАДАМ” АТТЫ ИНФОРМАТИКА,…

“ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТОҒЫСЫ: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН БОЛАШАҚ ҚАДАМ” АТТЫ ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ

2025 жылдың 27-31 қаңтар аралығында «Ғылым мен технологияның тоғысы: Инновациялар мен болашақ қадам» атты информатика-физика бірлестігінің апталығы болып өтті. Информатика мен физиканың өзара байланысын көрсету арқылы оқушылардың ғылым мен технологияға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуды мақсат еткен апталық мектеп оқушыларының шығармашылық, өнер, ғылым саласындағы зерттеу жұмыстарын ел назарына ұсынумен басталды. Мәселен 10-сынып оқушылары ұрмалы барабан дыбысының әуенімен барша оқушыларға жақсы көңіл – күй сыйласа, 5-9 оқушылары информатика, физика саласындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесін таныстырды. Ал қолөнерді серік еткен мектебіміздің 10-сынып оқушысы Базарбай Наргиз «Digital Kazakstan» жаңа замандағы жасанды интеллект жүйесіндегі цифрлы әлемді өз шығармашылығы арқылы шыныға сурет салу арқылы жеткізді. Сондай-ақ информатика, физика бірлестігінің ұстаздары өздерінің арнайы көрмелерін әзірледі. Апталықта мектеп ұстаздары А.Қалдыбекқызы, Л.Мухамадиева, Р.Хохон, Қ.Серғазиева, Г.Жасан, К.Аушенова, Г.Шаймаханова, Б.Наймантаевалар ашық сабақтарын өткізсе,информатика пәні мұғалімдері С.Сакеева, Ж.Найманбаева мектеп ұстаздарына «Қалыптастырушы бағалау: тиімді әдістер мен тәжірибе», А.Аманкулова мен Р.Хохон «АКТ-ның қосымша мүмкіндіктері» тақырыптарында шебер сыныптарын жүргізді. Мектеп оқушыларына «Web сайт жасау негіздері», «Science time», «Ақылдылар» зияткерлік сайыстары ұйымдастырылып өткізілді. Апталық соңы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің информатика кафедрасының меңгерушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Зұлпыхар Жандос Еңсебекұлымен ұйымдастырылған кездесу кешімен қорытындыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *