«ҒЫЛЫМДАҒЫ ДЕБЮТ» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУ
2025 жылғы 11 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Ғылымдағы дебют» қалалық жобалар байқауы болып өтті. Астана қаласындағы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында өткен байқауға 98 жоба жұмысы ұсынылып, 141 оқушы қатысты. «Жаңғыртылатын энергия – болашақ энергиясы», «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» және «Архитектура, Құрылыс» секциялары бойынша ғылыми жобаларының макеттерін қорғады. Аталған байқауға 3 бағыт бойынша жобаларын ұсынған оқушыларымыз «Қоршаған орта, адам денсаулығы» секциясы бойынша Болат Ақмарал жүлделі ІІ орын жетекшісі К.Атчибаев. «Архитектура, Құрылыс» секциясы бойынша Шырынхан Елдос ІІІ орын жетекшісі А.Тасанов, «Жаңартылатынн энергия — болашақтың энергиясы» секциясы бойынша топтық жұмыспен Сансызбай Алдияр және Сейлхан Ерасыл ІІІ орын жетекшісі Г. Шаймаханова иеленді. Жас ізденімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!