Skip to content

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ STEM OLYMPIAD 2025: ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР 46 МЕДАЛЬМЕН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ…

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ STEM OLYMPIAD 2025: ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР 46 МЕДАЛЬМЕН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Испанияның Барселона қаласында өткен халықаралық STEM Olympiad 2025 байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен 260-тан астам оқушы мен 78 команда қатысты. Білім мен ғылым саласындағы бұл беделді додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда, елордадағы дарынды қыз балаларға арналған “Білім-Инновация” лицей-интернаты, “NurOrda” мектеп-лицейі және №84 мектеп-лицейінің оқушылары ерекше табысқа жетіп, жалпы саны 46 медаль жеңіп алды. Оның ішінде:
🥇 10 алтын
🥈 10 күміс
🥉 26 қола медаль

Сонымен қатар, үздік білім көрсеткен оқушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл жеңіс – сапалы білім беру жүйесінің, оқушылардың табандылығы мен ұстаздар еңбегінің айқын көрінісі. Елорда мектебі шәкірттерінің бұл жетістігі – Қазақстанның зияткерлік әлеуетінің өсіп келе жатқанын дәлелдейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *