JAIDARMAN
Бүгін 2023 жылдың 23 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде "Жайдарлы Жасұлан" атты жайдарман ойыны болып өтті. Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір. Өте орынды айтылған ой. Бұл өмірдің әр күні шаттықпен, қызықпен, күлкімен өтсе – бір күннің зая кетпегені. Бойында позитив, күш-қуат, өмірге деген талпынысы бар адам кез келген қиындықты оңай еңсеріп, шыңға шығары хақ. Әрі риясыз, шынайы күлкі өмірді ұзартып, айналаны ғажайыпқа бөлейді. Біздің балалар да бұл өнерден алыс емес.
Байқау 8-10 сынып оқушылары арасында өткізіліп, 2 кезеңнен құралды. Топтың сәлемдесуі, «мектеп өмірі ең бақытты шақ» тақырыбында үй тапсырмасы.
Тартысты ойын қорытындысына сәйкес анықталған жүлдегерлер:
🏆Бас жүлдені 9 «В» сыныбының «570» квн командасы,
🥇 І орынды – 8 «Д» сыныбының «Алаш» командасы,
🥈ІІ орынды – 8 «Ж» сыныбының «Адель» командасы,
🥉ІІІ орынды – 8 «Б» сыныбының «Замандастар» командасы иеленіп финалға жолдама алды. Командаларға СӘТТІЛІК тілейміз.
#жайдарман
#квн2023