Skip to content

ҚАЙСАР РУХТЫҢ АЛАУЫ: ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ Тәуелсіздік күніне орай…

ҚАЙСАР РУХТЫҢ АЛАУЫ: ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ

Тәуелсіздік күніне орай Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Қайсар рухтың алауы: Желтоқсан құрбандарын еске алу» атты тағылымы терең еске алу іс-шарасы өтті. Бұл рухани кеш – еркіндік жолында жанын қиған боздақтарға тағзым, ел тарихына деген құрметтің айқын көрінісі болды.
Шара барысында мектеп оқушылары Желтоқсан құрбандарына арналған жүрекжарды поэзиялар мен тебірентерлік монологтарды жатқа оқып, сол бір сын сағаттағы жастардың жан айқайын көрерменге сезіндіре білді. Азаттыққа деген сағыныш пен мұңды сазды жеткізген «Қасқалдақ» әні орындалып, залда терең толғаныс орнады. Сондай-ақ, Желтоқсан оқиғасына арналған бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға тарихтың қасіретті де қастерлі беттері қайта жаңғырды.
Бұл еске алу кеші жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух дарытып, Тәуелсіздіктің қандай қиын жолмен келгенін ұғындырған тағылымды шара болды.
Желтоқсан құрбандарының рухына тағзым!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *