ҚАЛАЛЫҚ ШАТТЫҚ – 2022 БАЙҚАУЫ
2022 жылдың 6-9 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының арасында балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық шығармашылық байқауы болып өтті. Байқауда Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің оқушылары «Аспапты», «Хор», «Вокал», «Дәстүрлі ән», «Хореография», «Фотосурет», «Бейнелеу өнері», «Театр», «Тик-ток» жанрлары бойынша қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің "Самұрық" би ансамблі КҮМІС МЕДАЛЬ, вокал жанрында эстрада да ән айту бойынша мектебіміздің 6 сынып оқушысы Жәрдембек Досмұхамет КҮМІС МЕДАЛЬ, Фотосурет жанрында мектебіміздің 11 сынып оқушысы Болатқали Жан ҚОЛА МЕДАЛЬДЫ иеленді. Басқа жанрлар бойынша 6 ДИПЛОМҒА қол жеткізді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!🎊🎊🎊