«ҚАНАТТЫ ДОСТАРЫМЫЗҒА ҚАМҚОР БОЛАЙЫҚ»
Бүгін 2022 жылдың 2 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің «Экопатруль» экологиялық тобының ұйымдастыруымен қыс мезгілінде өлкемізді қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасау мақсатында «Қанатты достарымызға қамқор болайық» атты акциясы өтті. Акцияның ережесіне сай оқушылар құстарға жемсалғыш жасап парақшаларына орналастырды сондай-ақ оқушылар жұмыстарын ұйымдастырушыларға тапсырды. Оқушылар жасаған жұмыстарды «Экопатруль» тобы қабылдап жемсалғыш ұяларды мектеп ауласына орналастырды.Өз аулаларына орналастырған және мектеп ауласына орнатылған жұмыстар акция қорытындысында сараланып үздік жұмыстар арнайы марапатталатын болады.