Skip to content

Қаңтар айының 26 жұлдызы күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде…

Қаңтар айының 26 жұлдызы күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде аналар мектебімен бірлесе жұмыс жасай отыра 2 -сыныптар арасында асық ойынының түрлерін үйретуден “Асық ату” ұлттық ойыны дәріптелді. Бұл іс-шараға 9 сынып бойынша 2 оқушыдан қатысты. “Бес асық” ойынын 2 “Е” сыныбының ата-анасы Әшімқызы Алмагүл көрсетті.

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б.

Іс-шараның мақсаты: Ұлттық асық ойынын жандандырып, жоғары деңгейде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
 Шығармашылық, ізденімпаздық, ойлау қасиеттерін дамыту, шыдамдылықтарын арттыру, ұжымдасып жұмыс істеуді қалыптастыру. Асық ойынын жоғары деңгейде меңгертіп, ойлау стилі мен рухани мәдениеті қалыптасқан, өмірде өз орнын табатын, эстетикалық сауатты тұлға тәрбиелеп, даярлау.

Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін түрлі түске бояған. Балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз-қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады» . Сондай-ақ асық ойыны көз мергендігіне, қол буындарының икемді болуына баулиды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *