Skip to content

Қаңтар айының 26 жұлдызында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде “Ата-аналарды…

Қаңтар айының 26 жұлдызында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” мақсатында DOSBOLLIKE жобасы аясында аналар мектебімен бірлесе жұмыс істей отыра 2 сыныптар арасында “Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік” атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға 9 сынып оқушыларынан 2 қыз қатысты. Іс- шара мақсаты:Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау.

Аталған шараға 2 «Ә»сыныбының анасы Сапабекова Құндызай шаш өрудің түрлерін көрсетіп қана қоймай шашты қалай тарау керектігін, шашты жылтырату үшін шашмай жағу, шашқа байланысты тазалықты, шашты қалай күту керектігін қыздарға шаш күтімі туралы тың деректерді айтып жеткізді. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, арттыратын сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы мен артық саналатыны – шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын болғасын тағылады, желді күні көтеріліп кетпес үшін де пайдаланылатынын атап өтті. Қыздар үшін бұл шара өте пайдалы болып қана қоймай шаш өрімдерінің түрлерін біліп, қалай өру керектігін көріп үйренді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *