ҚАР ДЕСАНТЫ
❄️Бүгін 2023 жылдың 19 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде Парламент мүшелері бастаған «Қар десанты» акциясына болып өтті. Ерікті түрде 20 оқушы қатысты.
❄️Оқушылар алдымен саптық жиынға тұрғызылып, «Біргеміз» флешмобын орындады. Кейін оқушылар мектеп алаңын қардан тазалау жұмысына кірісті.
❄️«Өзін-өзі басқару» ұйымының жұмысын жандандыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Қар десанты» акциясы жақсы дәрежеде өтті.
❄️ Жұмыс аяқталған соң оқушылар немқұрайлы емес адамдарды акцияны қолдауға шақырды.