ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
2023 жылдың 30 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде тарихы тереңге кететін, елімізде өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап 1 қазанда тойланатын Халықаралық қарттар күніне орай құрметті де қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталарымызға арналған "Қарттарым – асыл қазынам" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шара жас әнші, мектебіміздің ұстазы Қайнар Қатпайдың "Дүние-ай" халық әнінің орындауынан бастау алды. Әрі қарай мектебіміздің өнерлі оқушысы Қуанбекова Дильназ "Балапан қаз" халық әнін, хор ұжымы "Отан" әнін орындаса, мектебіміздің орта буын оқушылары Елдос, Ақмарал, Ханкелді сынды оқушыларымыз "Сен қазақсың" өлеңін жатқа оқыды. "Самұрық" би ансамбілі хорезм биін билесе, домбырашылар ансамблі «Науаи-Шарк» шығыс әуенін домбырада сүйемелдеді. Кеш соңында маслихат депутаты Смаилов Бауыржан Амангелдіұлы, ардагер кеңесінің төрағасы Сабыржан аға, Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицей директоры Уйсимбаева Сауле Амангелдіқызы жиынға қатысушы Көктал кенті ардагерлерін құттықтап, қарттарымыз барда еліміздің берекесі мен ынтымағы артатынын айтты. Шара соңы мектебіміздің оқушысы Нұрдаулеттің орындауында Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнімен қорытындыланды.