Skip to content

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ 2023 жылдың 03 сәуір күні Әлкей Марғұлан…

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

2023 жылдың 03 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларымен Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің оқытушысы Қазкенова Сәуле Тұрғынбаевнамен кездесу болып өтті. Кездесу барысында мекеме өкілі оқу орнының мамандықтары мен олардың ерекшеліктері жайлы айтып өтті. Сондай-ақ колледждің ішкі бейнесін, оқу ақысы, білім сапасы және т.б пайдаға асарлық деректерді айтты. Кездесуге қатысқан әрбір оқушы өздеріне ұнаған мамандықтары бойынша қызығушылық танытып бірнеше сұрақтар қойды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *