КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
2023 жылдың 15 желтоқсан күні Әлкей Марғұлан атындағы
№ 40 мектеп-лицейінде Сарыарқа ауданы төтенше жағдайлар басқармасының инженері Негманов Даулет Ерболұлы мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша түсіндірме,ақпараттандыру жұмысын жүргізді.Аталған кездесуде оқушыларға төтенше жағдайлар бойынша қызметке орналасудың тиімді тұстары, оқыту кезіндегі жеңілдіктер, Мәскеуде оқу мүмкіндіктері, оқудың ақысыз және оқуды аяқтаған соң мемлекеттік қызметке орналасуы қарастырылғаны жөнінде толық ақпарат беріп өтті. Сондай-ақ оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.