Skip to content

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ 2023 жылдың 19 сәуір күні Әлкей Марғұлан…

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

2023 жылдың 19 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларымен Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК өкілімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында мекеме өкілі оқу орны жайлы ақпараттар айтып, мамандықтармен таныстырып өтті. Оқушыларға колледждің ішкі бейнесін, оқу ақысы, білім сапасы, мамандықтардың ерекшеліктері және т.б пайдаға асарлық деректерді айтты. Кездесуге қатысқан әрбір оқушы мамандықтар бойынша қызығушылық танытып бірнеше сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу жаңа серпіліс беріп оқушыларды жігерлендіре түсті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *