КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
2024 жылдың 01 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейіне 9 сынып оқушыларына Астана қаласы «Сервис және туризм колледжінен» келген мамандар кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараттық кездесу жүргізді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Колледж қызметінің мәні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлау болып табылады. Миссиясы – экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті.