КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 10-11 сынып оқушыларымен Almaty Management University — Алматы қаласындағы бакалавриат, магистратура, докторантура, MBA (Master of Business Administration) және DBA (Doctor of Business Administration) бағдарламалары бойынша мамандар дайындайтын жоғары оқу орнынан келген маман қызметкері С. Замир кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараттық кездесу жүргізді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. AlmaU – Қазақстандағы алғашқы бизнес университеттерінің бірі. 2014 жылдан кейін МАБ университеті – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ оқушыларға талапкер сауалнамасы беріліп, толтырылды. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті.