КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Бүгін 2022 жылдың 28 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушыларымен Астана қаласы "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК қызметкері Н.Аманжол кәсіптік бағдар беру бойынша ақпараттық кездесу жүргізді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Кездесуде оқушыларға орталықтың жұмыс тәртібі, жол мамандығының қызықты қыр-сырлары баяндалды. Жол мамандығының соңғы кезде жаңа технологиялармен жұмыс жасайтыны жайлы әр-түрлі шет елдермен тәжірибе алмасып жыл сайын білікті мамандар жоғары еңбек ақымен жұмыспен қамтамассыз етілетіндігі атап айтылды. Кездесу соңында оқушылар мамандық бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.