КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Бүгін 2023 жылдың 18 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің бітіруші түлектері 11 «А», 11 «Ә» сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. 2023 оқу жылының оқуға түсу шарттарын түсіндіріп, оқуға түсуге үміткерлерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативті нормаларын мәлімдеді. Сондай-ақ институт жайлы толық ақпарат беріп, ресми сайтпен байланыс нөмірлері арқылы тиісті сұрақтарына жауап алуға болатындығын айтты.