КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2025 жылдың 10 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес «Менеджмент, бизнес және білім колледжіне» экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға педагог-кәсіби бағдар беруші Ә.Әбілдина, сынып жетекшілері Ш.Садыкова, П.Нұрғалиева және де 9 «А», 9 «Ж» сынып оқушылары қамтылды. Бұл іс-шараның мақсаты-оқушылардың колледж мамандықтары мен кәсіптері туралы хабардар болу, болашақта мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету болды. Менеджмент, бизнес және білім колледжінің кәсіптік бағдар беру жұмысы бөлімінің жетекшісі А.Бектасқызы мен әріптестері Л.Жапарова, А.Файзулина оқушыларды колледждегі мамандық түрлерімен таныстырды. Оқушылар ойындағы сұрақтарын қойып, оған нақты жауап алды. Колледждің ішімен танысып, оқушылар өздеріне керекті ақпараттарын толықтай алды. Педагог-кәсіби бағдар беруші:Әбілдина Әйгерім Бисенбіқызы